Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны 64-ке жетті

2020 жылдың 17 наурыз 2020 22:53

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Арменияда соңғы екі тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артып, 64-ке жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Премьер-министр Никол Пашинянның айтуына қарағанда, науқастар санының артуы вирусты жұқтырғандармен байланыста болған және бірге оқшауланып жатқан адамдарды тесттен өткізумен байланысты.

Осы күнге дейін Арменияда коронавирус жұқтырудың 64 оқиғасы анықталды.

«17 наурыз күні сағат 12:00-дегі (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00) жағдай бойынша, тестілеуден кейін вирусты жұқтырудың жаңадан 12 оқиғасы тіркелді. Оның алтауы Эчмиадзин қаласында болса, қалған алтауы Ерквендегі кәсіпорын жұмысшылары. Барлық науқас бастапқыда оқшауланған. Қазіргі уақытта бізде 64 жағдай тіркелді, оның біреуі жазылып кетті», - деді Армения Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, төтенше жағдай режимі жағдайында жұмыс істейтін комендатураның басшысы, вице-премьер Тигран Авинян 17 наурыздан бастап Арменияға кіруге тыйым салынатын елдерді атады. Бұл елдерден келген Армения азаматтары міндетті түрде екі апталық карантиннен өтуі керек. Бұл мемлекеттерге Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Испания, Франция, Германия, Швейцария, Дания, Австрия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Нидерланды, Ұлыбритания кіреді.

Еске салайық, Арменияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай 1 наурызда тіркелді. Екі апталық карантиннен кейін науқас ауруханадан жазылып шыққан.

Ел үкіметі 16 наурыз бен 14 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізді.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Армения, Коронавирус,
Жоғары қарай