Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты келесі жылға ауыстырылды

2020 жылдың 17 наурыз 2020 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі әлемдегі коронавирус дертінің жағдайына байланысты ресми түрде 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

UEFA шешімі оған мүше барлық ұлттық федерацияларға жіберілді. Еуропа чемпионаты финалдық кезеңін өткізу мерзімі UEFA ұйымдастырған еуропалық клубтар мен лига басшыларының қатысуымен өткен видеоконференцияда талқыланды.

Енді турнир 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілде аралығында өткізіледі. Негізінде ол биыл 12 маусым-11 шілде аралығында өткізілуі тиіс болатын.

Бұдан бұрын футболдан Қазақстан біріншілігі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай