Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаевқа Исламабадта халықаралық марапат берілді

2020 жылдың 12 наурыз 2020 17:29

ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат - Пәкістан Ислам Республикасының астанасында өткен Конфессияаралық диалог және ұлттық бірлік жөніндегі халықаралық конференцияда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мемлекетке және қоғамға сіңірген қызметтері үшін» беделді халықаралық марапаты берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің халықаралық қауымдастыққа қосқан орасан зор үлесін мойындай отырып, Исламабад Халықаралық ислам университетінің Ислам зерттеу институты Кеңесінің бастамасымен Елбасының жоғары марапатын Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының Спикері Асад Кайзер ұсынды.




«Мемлекетке және қоғамға сіңірген қызметтері үшін» халықаралық марапаты әлемнің көрнекті қайраткерлерін бүкіл адамзаттың мүдделері үшін бірлікті, келісімді және қауіпсіз өмір сүруді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін мойындайды.

Бүгінгі күнге дейін қазіргі заманның ең көрнекті мемлекет, саяси және діни қайраткерлері, оның ішінде Пәкістан Ислам Республикасының экс-президенті -Мамнун Хуссейн, Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы - Мұхаммед әл-Исса, Имам Мұхаммед Ибн Сауд атындағы Ислам университетінің ректоры - Сүлейман Абба әл-Хаил және басқа да халықаралық және мемлекет қайраткерлері марапатқа ие болды.

«Мемлекетке және қоғамға сіңірген еңбектері үшін» атты наградасын тағайындау жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі мемлекеттің негізін қалаушы, реформатор және стратег, ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың қазақстандық моделін құрудағы абсолютті көшбасшы деп санайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мемлекеттер мен қоғамдар үшін бейбітшілік пен қауіпсіздік құндылықтарын алға жылжытудағы іргелі үлесі, бірегей жаһандық конфессияаралық диалог алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін құруында, сонымен қатар бейбітшілік, келісім, гуманизм, толеранттылық және дінаралық келісім негізінде өмір сүру идеяларын насихаттауында», делінген хабарламада.


Жоғары қарай