Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Ауылдарға білікті кадрларды тартудың жаңа тетігі іске қосылмақ

2020 жылдың 11 наурыз 2020 12:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын мемлекеттік қызметшілерге қолдану ескерілген. Қазіргі уақытта ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда кадрлардың жетіспеушілігі орын алып отыр. Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдардың кадрлық тапшылығы 1068 адамды құрады. Оның ішінде атқарушы деңгейде 936 адамнан астам. Түзетулер ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында ұсынылған», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова.

Сонымен қатар ол «А» корпусының кадр қысқарту мәселесіне де тоқталды.

«Соңғы екі жылдағы тағайындауларға жасалған талдау - олардың 66 пайызы кадрлық резервтен тыс жүзеге асырылатынын көрсетті. Бұл резервке алынған адамдардың мемлекеттік органдардың салалық қажеттіліктеріне көп жағдайда сәйкес келмейтіндігінен болып отыр. Бүгінгі таңда «А» корпусының резервінде 25 қана резервші бар. «А» корпусының кадр резервіне соңғы нақты іріктеу 2017 жылы өткізілген. Сондай-ақ «А» корпусындағы лауазымдар саны аудан әкімдеріне мемлекеттік саяси қызметшілер мәртебесі берілгеннен кейін айтарлықтай қысқарғанын атап өту қажет. Президент Әкімшілігі секторларының меңгерушілері, Парламент палаталары, Премьер-Министр Кеңсесінің, агенттік бөлімдерінің меңгерушілері «А» корпусынан шығарылғанын білесіздер», - дед агенттік басшысы.

Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы тізілімі тек «А» корпусына жататын үш лауазым санатынан ғана тұрады. Бұл ретте жауапты хатшы, аппарат басшысы, комитет төрағасы қамтылған.

«Сонымен қатар, осы резервті қысқарту – «А» корпусының лауазымдарына үміткерлер тобын кеңейтуге, аталған лауазымдарды жедел толықтыруға мүмкіндік береді», - деді Анар Жайылғанова.


Жоғары қарай