Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ – министрлік

2020 жылдың 24 ақпан 2020 17:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелді» деген сыңайдағы алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінгі кезде әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде көптеген қауесет тарап жүр. Бір өңірде немесе қалада осындай науқас адамды ауруханаға жатқызыпты деген ақпарат көп. Ондай қауесетке сенбеңіздер. Бізде тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн Орталық жедел штаб қызмет етеді. Сол себепті үрей туғызбас үшін біздің баспасөз орталығына хабарласуға болады», - деді ол бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Осы ретте Диас Ахметшәріп шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату – әкімшілік жауапкершілікке алып келетінін ескертті.

«Сондықтан біз Орталық жедел штаб арқылы барлық ресми ақпаратты таратып отырамыз. Науқас бізде жоқ (коронавирус жұқтырған). Бас дәрігердің қаулысы бойынша Қытайда 6-20 ақпан аралығында болған азаматтардың барлығы карантинге жатқызылады. Яғни, алдын алу шараларын күшейтіп отырмыз», - деді ол.


Жоғары қарай