Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Философия әл-Фарабиді айналып өте алмайтын ғылым – елордадағы форум

2020 жылдың 24 ақпан 2020 16:17

НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат - Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» атты еңбегінде қазіргі күнде де өзектілігін жоймаған мәселелерді көтерген. Бұл туралы елордада өткен «Әл-Фараби және қазақстандық философия» атты республикалық форумда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылым мен техника дамығанына қарамастан адамзат үшін құндылығы өзгермейтін ұғымдар бар. Сол құндылықтардың бірі - білім және тәрбие мәселесі. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде қазіргі күнде де өзектілігін жоймаған мәселелерді айтқан. Білім мен тәрбиені бөле-жара қарауға болмайды. Осындай шаралар дискуссия алаңы ретінде өткені жақсы, себебі жас буын мен аға буын арасында құндылықтар әртүрлі болуы мүмкін», - дейді Білім және ғылым министрлігі «Орта білімді жаңғырту орталығының» жетекшісі Сұлтан Жайық.







Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар келген.

«Бұл - республикалық деңгейде өтіп жатқан ғылыми форум. Шарада Павлодар, Ақтөбе, Ақтаудағы мемлекеттік университет мамандары мен студенттерінің баяндамалары оқылуда. Бұл аграрлық бағыттағы университет, бірақ барлық жоғары оқу орындарында жалпы білім беру жүйесі бойынша 1-курс студенттері «Философия» пәнін оқиды. Философия әл-Фарабиді айналып өте алмайтын ғылым», - дейді С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің гуманитарлық факультетінің деканы Болат Аяпбергенов.














Жоғары қарай