Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада 1,5 мыңнан астам волонтер теміржолшы қар тазалауға шықты

2020 жылдың 24 ақпан 2020 10:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 1,5 мыңнан астам волонтер теміржолшы қар тазалауға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20-21 ақпанда «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметкерлері «Лесозавод» тұрғын үй алабының, «Агроқалашық» мөлтек ауданының және Қырқыншы стансаның көшелерінен 500-ден астам рет жүк көлігі толы қар шығарды. Қара тазалауға 50 арнайы техника тартылды. Шамамен 6 шақырым жол, жүздеген аула, №29 орта мектебінің ауласы қардан тазартылды», делінген хабарламада.

Теміржолшылар «ҚТЖ 2020 Қайырымды ісі» челленджін аясында қайырымдылық жасауды жалғастырып келеді.

Ұлттық компанияның еншілес ұйымдары – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «KTZ Express» АҚ және өзге де құрылымдық бөлімшенің басшылары бастаған қызметкерлер көшенің мұзын ойып, қарын тазалады.

«Бір ай бойы Нұр-Сұлтан қаласында екі айлық нормадағы қар жауды. Көптеген адамдардың ауласын қардан тазартуға мүмкіндігі жоқ. Біз бұдан сырт қала алмадық. Жұмыс кестесінің бос емес, сонда да жақсы іс үшін әрқашанда уақыт табылады», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистарльдық желі дирекциясы» филиалының директоры Бауыржан Орынбасаров.

«ҚТЖ 2020 Қайырымды ісі» бағдарламасы шеңберінде қар тазалау бойынша челлендж еліміздің көптеген қалаларында жалғасты.








Басты сөздер: ҚТЖ, Жастар, Волонтер,
Жоғары қарай