Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге ниетті

2020 жылдың 21 ақпан 2020 15:51

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ташкент қаласында «Uzbekistan Airports, Aviation & Logistics Forum 2020» халықаралық авиация-логистика форумы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Эльяр Ганиевпен, Әуе көлігін дамыту департаментінің бастығы Ұлықбек Бекташевпен, сондай-ақ «Uzbekistan Airports» АҚ Басқарма төрағасы Ровшан Исмаиловпен кездесуі өтті.

«Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның азаматтық авиациясын дамыту перспективаларын, оның ішінде Қазақстанның әуежайларында енгізілген «ашық аспан» режимі аясында шетелдік әуе компанияларды тарту бойынша қабылданған шараларды талқылады. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын одан әрі кеңейту қажеттілігін растады» делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасында рұқсат етілген жиіліктер санын арттыру, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның әуе тасымалдаушылары үшін екі ел аумағында жаңа тағайындау пунктілерін қосу бойынша жұмысты жалғастыруға қол жеткізілді.


Жоғары қарай