Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Семейде 4 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ

2020 жылдың 20 ақпан 2020 13:13

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 2025 жылға дейін 4 мың жаңа жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған кешенді жоспардың нәтижесінде 2025 жылға қарай бірқатар нәтижелерге қол жеткіземіз. Нақты айтсақ, өндіріс саласының көрсеткіштері 1,6 есеге, негізгі капитал инвестициясы 1,2 есеге, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,2 есеге, бөлшек тауар айналымы 2 есеге артады. Сонымен қатар 4 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жалпы көлемі 703 мың шаршы метрлік 133 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде еліміздің тарихи орталығында 4 мектеп және 4 балабақша бой көтереді. Бұдан бөлек, жаңа балалар ауруханасы мен мүгедектерге арналған оңалту орталығы салынатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласын дамытуға 260 млрд теңге бөлінетіндігі хабарланған болатын.


Жоғары қарай