Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 11:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми сайты.

Майра Мелдебекова 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Физика және информатика оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысындағы «Жас сұңқар» пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған.

1993-2005 жылдары Шымкент қаласы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орта мектептерінде қазақ тілі, математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

2005-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған.

2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Жоғары қарай