Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Жәнібек Әлімханұлы 20 рет жеңіске жеткен америкалықпен айқасады

2020 жылдың 20 ақпан 2020 11:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ESPN журналисі Стив Ким жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі айқасындағы қарсыласының есімін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Жәнібек 26 жастағы америкалық Дмитриус Баллардпен (20-0-1, 13 КО) айқасады. Жекпе-жек 28 наурызда Канаданың Монреал қаласындағы бокс кешін ашады. Мұнда Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) — Мэн Фаньлун (16-0, 10 КО) айқасы басты оқиға болмақ.

«28 наурызда Монреальда Артур Бетербиев титулын қорғайтын шоуды Жәнібек Әлімханұлы мен Дмитриус Баллард жекпе-жегі ашатындығы айтылуда», - деп жазды Ким.

Бұған дейін Әлімханұлымен айқастан Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Стив Роллс бас тартқаны мәлім болған еді.


Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай