Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Таяу күндері лайнердегі Қазақстан азаматтары елге жеткізіледі  - Мұхтар Тілеуберді

2020 жылдың 19 ақпан 2020 11:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония жағалауындағы «Diamond Princess» лайнеріндегі Қазақстан азаматтарын елге жеткізу мәселесіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұшақпен жеткіземіз, Жапония мен Қазақстан арасында тікелей рейстер бар», - деді М. Тілеуберді Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалында жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, егер де лайнер жолаушылары арасында коронавирус жұқтырғандар болса, онда бұл адамдар Жапонияда ем қабылдайды.

«Емдеу шараларына қатысты барлық елдер өзара іс-қимылдар жасайды. Осы орайда қажет болған жағдайда олар Жапонияда ем қабылдауы мүмкін», - деді министр.

«Ең бастысы, біздің азаматтар коронавирус жұқтырмаған, бұған лайнердегі тест нәтижесі дәлел болып тұр. Енді карантиндік мерзім аяқталды, яғни 14 күндік мерзім. Бүгіннен бастап оларды лайнерден шығара бастайды. Құрлықта қосымша тестілеуден өтеді. Егер де тестіден өтсе, оларды таяу күндері елге қайтарамыз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жапониядағы круиз лайнерінде қазақстандық 2 әйел пен екі бала бар екені белгілі болды.



Жоғары қарай