Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Түркістанда салынып жатқан нысандардың сапасы қатаң бақылауда - әкімдік

2020 жылдың 18 ақпан 2020 22:09

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылы 752 нысанның құрылыс-монтаждау жұмысы басталған. Оның ішінде 445 нысан - бюджет қаражаты, 307 нысан - жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы өңірдегі құрылыс сапасына бақылау жасайды. Әсіресе, облыс орталығы Түркістан қаласындағы барлық жаңа ғимараттардың құрылыс нормаларына сай болуы қатаң бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мұхит Тұрысбеков мәлімдеді.




Жалпы басқарма тарапынан 5 мемлекеттік кызмет көрсетіледі. Бұл қызметтер 2019 жылдың басынан бері 100% электронды түрде көрсетілуде. Өткен жылы құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 665 өтініш қабылданған.




«Облыстағы заң талаптарын сақтамай салынған 69 бюджеттік және 144 жеке кәсіпкерлік, барлығы – 213 құрылыс нысанына тексеру жүргізілген. Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар негізінде шара қабылданып, хаттама толтырылды. Басқарма салған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы – 62 149 861,5 теңге, өндірілгені – 54 850 000 теңге», - деді Мұхит Сексенбайұлы.




Қазіргі таңда басқарма тарапынан Түркістан қаласында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан 170 бюджеттік нысан құрылысы қадағалануда, оның ішінде: көпқабатты тұрғын үй құрылысы – 85; әлеуметтік нысан құрылысы – 56; инженерлік коммуникация жүйелері құрылысы – 29.








Жоғары қарай