Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Ұлыбританияда жойқын су тасқынынан 6 адам көз жұмды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 18:22

КАРДИФФ. ҚазАқпарат – Уэльсте толассыз жауған жаңбыр салдарынан жойқын су тасқыны болып, алты адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Соңғы, алтыншы адам - Бирмингем тұрғыны жексенбі күні қаза тапты.

Ел тарихындағы ірі су тасқынынан зардап шеккен Уэльс 48 сағаттың ішінде бұдан да қатты жауатын жауынға дайындалып жатыр.

Сәрсенбі күні кешке қарай Уэльстің солтүстік және оңтүстік аудандарында нөсер жауын жаууы мүмкін. Бұл «Деннис» дауылының салдарынан қираған аумақты тазалау операциясына кедергі келтірмек.

Кей деректер бойынша, Уэльсте 600 адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған, сондай-ақ бір мыңнан астам үй дауыл мен су тасқынынан қатты зақымданған.

Бүгін таңертең британ метеорологтары Англия мен Уэльстегі су тасқыны туралы ескертті.

Вустершир және Глостершир графтарындағы бірнеше қаланың тұрғындарына дүйсенбі күні кешкісін эвакуация жөнінде кеңес берілді. Себебі, Северн өзені арнасынан тасуы мүмкін.

Осы аптаның ішінде Англияның солтүстігінде де жаңбыр жауып, өзендер тасуы мүмкін деп күтілуде. Бұл туралы Ұлыбритания қоршаған ортаны қорғау басқармасы хабарлады.


Басты сөздер: Еуропа, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай