Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Нұр-Сұлтанда «КамАЗ» көлігі жолаушылар автобусын соқты

2020 жылдың 18 ақпан 2020 15:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «КамАЗ» автокөлігі 30 жолаушысы бар маршруттық автобусты соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«18 ақпан күні таңғы сағат 08.30-да Р. Қошқарбаев көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысында «КамАЗ» автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, №22 маршруттық автобусқа соғысты. Р. Қошқарбаев көшесі арқылы Ш. Құдайбердіұлы көшесіне бара жатқан автобус қатты соққыдан қарсы жолаққа шығып кетіп, Төлебаев көшесіне бара жатқан Skoda Rapid көлігімен соқтығысқан», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан «Skoda Rapid» көлігінің 63 жастағы жолаушысы қалалық ауруханаға жеткізілді. № 22 автобуста шамамен 30 жолаушы болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«КамАЗ» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920