Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Дүйсенбіде ауа райы қандай болады

2020 жылдың 17 ақпан 2020 00:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 17 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде қар, оңтүстік батысында, оңтүстікте түнде аздаған жауын-шашын, көбінісе қар жауады, тек батысында, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі солтүстікте бұрқасын соғады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді бұрқасынмен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, түнде Манғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай