Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан қаласы туралы жаңа фильм шықты

2020 жылдың 13 ақпан 2020 09:27

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Түркістан жүрегімде!» атты жаңа фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Сақ» киностудиясы түсірген кино-новеллада түркістандықтар мен қонақтардың арасындағы өзара достық қатынастар кеңінен көрсетілген.

Жаңа туынды елжандылық, отансүйгіштік, төл тарихты ардақтауды көрермен бойына сіңіре отырып, әдемі әзіл-қалжыңмен Түркістанның өзіндік ерекшеліктері көрермен назарына ұсынылған.

Салтанатты шараға қатысқан Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай әсерлі фильмді жарыққа шығарған шығармашылық ұжымға алғысын білдірді.
«Түркі дүниесінің рухани астанасы болған Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алып, үлкен тарихи қадам жасады. Осындай тарихи, маңызды кезеңді басынан өткізіп отырған Түркістан қаласы аз уақыттың ішінде жаңаша түлеп, рухын қайта жаңғыртып, халықтың көз қуанышына айналып отыр» – деді Амалбек Өміртай.
Кино новеллада көне шаһардың өтпелі кезеңіндегі шынайы өмірімен қоса, жаңарған қаланың тыныс-тіршілігі түрлі мысалдар арқылы баяндалады.
Төрт бөлімнен тұратын фильмдегі рөлдерді Дәурен Әбиев, Рулан Нұғман, Сапара Әлайдарова, Лаура Мақашава сомдаған. Ал, фильмнің бас режиссері Нуриддин Паттеев пен Фурхат Сайпов.












Жоғары қарай