Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түлкібасқа бір жылда 17 мыңнан аса турист келген - аудан әкімі

2020 жылдың 13 ақпан 2020 06:27

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологиялар қолданылып жүр. Бұл туралы аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарға есеп беру кезінде айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің мәліметінше, халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094 млн теңге болатын 33 жоба іріктеп алынған. Бүгінгі күні 30 жоба іске асырылған. Оның ішінде 7 жоба - өз қаражаты есебінен, 23-іне қаржы институттары несие берген.

«Жүзеге асырылған жобалардың арасында отбасылық сүт фермаларын, мал бордақылау алаңдарын салу, ешкі фермаларын ашу, бие сауатын шаруашылық, көл-тауарлы балық шаруашылығын дамыту, сүт өңдеу нысандарын құруға қаралған жобалар бар. Ауданда шағын және орта бизнес нысандарының саны арта түскен. Бүгінде оның саны 7 490-ға жетіп, онда 17 250 адам жұмыспен қамтылған. Шағын орта бизнес субъектілерінің шығарған өнім көлемі 22,1 млрд теңгені құрап отыр. Осы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында ауданда 807 жоба түрлі қаржылық ұйымдармен 1 612 млн теңгеге, ал 10 жоба «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 408,3 млн теңге жеңілдетілген несие берген»,- дейді Нұрбол Тұрашбеков.

Аудан әкімі сондай-ақ, табиғаты көркем ауданда туризм саласы да дамып жатқанын жеткізді. Өткен жылы ауданға 17067 турист келсе, оның 1 215-і - шетел азаматтары.

«Ауданда көрікті жерлердің тізімі жасалып, туристерге таныстыру мақсатында арнайы маршруттар құрылған. Өткен жылы аудан аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол бойынан «Жол бойында қызмет көрсету» жобасы іске асса, Қарағашты ауылында этноауылдың құрылысы жүруде. Аудан аумағына шығыс қақпадан кіреберісте жолда қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Ол орталық жолаушыларға және туристерге арналған заманауи қонақүймен, автотұрақ, асхана, кафе және жанар-жағармай құю бекеті қызметтерімен қамтылған», - деді Нұрбол Тұрашбеков.

Сондай-ақ ауданда «Etno Park Resort» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобада туристерді қабылдау, гид аудармашы, конференц зал, облыстық және ауданның туристік маршрутына енген нысандарға саяхат қызметтері қаралған. Жаңадан 15 адамға жұмыс орны ашылады.

Жоспар бойынша күніне 30, жылына 1000 туристке қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Бұл жоба биыл іске асырылуы тиіс. Аудан тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылған. Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешілген. Балабақшамен қамту 100% пайызға орындалып отыр.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев және жарыссөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбеков, қоғамдық кеңес төрағасы Өтепбай Мәткәрімов атқарылған жұмыстар жөнінде пікірлерін ортаға салып, аудан әкімінің жұмысына оң баға берді.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920