Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада қоғамдық көліктер қар басқан көшелердегі аялдамаға тоқтамайды

2020 жылдың 29 қаңтар 2020 17:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қалың қар түскен, көліктер жүре алмайтын көшелердегі аялдамаларға кейбір қоғамдық көліктер бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT-ға сілтеме жасап.

Компания бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты (жолдарды қар басқан) қалалық бағдарлар уақытша бармайтын аялдамалар тізімін жариялады.

№9 бағдар «Дәурен» балабақшасына дейін бармайды.

№ 13, 47 бағдарлар Дегелең көшесіне кірмейді.

№ 2 бағдар М. Шоқай көшесіне кірмей, Шалкөде көшесі арқылы жүреді.

№ 15, 22 бағдарлар Екібастұз көшесіне кірмей, Ж. Жабаев көшесі арқылы жүреді.

№ 22а бағдар Екібастұз көшесіне кірмей, «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» соңғы аялдамасына дейін тікке барады.

№ 11 бағдар «Социум» тұрғын үй кешеніне кірмейді.

№ 4, 34 бағдарлар Наурыз көшесіне кірмейді.

№ 39 бағдар «Алай» базарына кірмейді.

№ 80, 29 бағдарлар «Интернациональный» т/а кірмей жүреді.

№ 18, 37 бағдарлары «Ғарыш орталығы» аялдамасының жанама жолындағы павильонға кірмей жүреді.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Ауа райы, Көлік,
Жоғары қарай