Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 26 жаңа гидротехникалық құрылым салу қажет - Мағзұм Мырзағалиев

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 11:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 26 жаңа гидротехникалық құрылымын салу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресрустар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні бағдарламаның негізгі 7 нысаналы индикаторлары анықталған. Атап кететін болсақ: бірінші, бағдарламаның негізгі мақсаты - 2030 жылда күтіліп отырған су тапшылығын бағдарлама іс-шараларымен шешіп, жерүсті суларының қазіргі деңгейін (100 км3) сақтап қалу. Ол үшін: 7 текше шақырым көлеміне дейін жаңа су қоймаларын салу; суды үнемдеу көрсеткішін 5 текше шақырымға дейін жеткізу; 15 текше шақырым көлеміне дейін жерасты суларын пайдалану. Екінші - 1 мың АҚШ долларына шаққандағы жалпы ішкі өнім бірлігіне қажетті су көлемін 91,2 текше метрден 73 текше метрге дейін немесе 20 пайызға төмендету», - деді ол.

Үшіншіден, министрдің айтуынша, 26 жаңа гидротехникалық құрылым салу қажет. Төртінші, қолданыстағы 182 республикалық меншіктегі, 300 коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылымдарды қайта жаңғырту керек. Бесінші, суармалы жерлердің көлемін 1,7 млн гектардан 3 млн гектарға жеткізу үшін жаңа ирригациалық жүйелердің құрылысын салу; қапталған магистралды және бөлу каналдарының ұзындығын 3,4 мың шақырымнан 19 мың шақырымға дейін ұлғайту қажет.

«Алтыншы - бассейіндік инспекциялардың материалдық-техникалық базасын 100 пайызға жеткізу. Жетінші - су жинау алаңдарындағы орманды бөліктерін 1 мың гектардан 200 мың гектарға дейін жеткізу. Бұл тұжырымдама ғалымдармен, қоғам өкілдерімен және су шаруашылық мамандарымен әзірленіп, талқыланған», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Жоғары қарай