Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 06:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 қаңтар күні Қазақстанның барлық қалаларында ауа сапасының ластануы күтілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстан қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанбайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай