Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

«Jas Otan» #Bizbirgemiz эстафетасын барлық қазақстандық жастарға жолдады

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 19:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты #Bizbirgemiz қар күреу науқанына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Jas Otan» белсенділері мен @astana_jastary волонтерлары қолға күрек алып, зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартты.




«Жасотандықтар еліміздің барлық аймақтарында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қар күреу, үй тазалау және тағы да басқа көмекті тұрақты түрде көрсетеді. Бүгінгі күні республика бойынша мыңнан астам волонтерлардың қатысуымен 65 волонтерлік іс-шара ұйымдастырылды», - деп хабарлады «Jas Otan».⠀




Өз кезегінде, «Jas Otan» эстафетаны барлық қазақстандық жастарға жолдады.

Айта кетейік, кеше елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Сондай-ақ, белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, Қаллеки театрының әртістері қолдау білдірді.




Айта кетейік, кеше елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Сондай-ақ, белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері қолдау білдірді.














Жоғары қарай