Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Артта қалуға құқығымыз жоқ – Тоқаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жайлы

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 14:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруда Үкімет басшысына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Асқар Жұмағалиевке көмектесуді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

««Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы біз күткендей шұғыл әрі сапалы түрде жүзеге асырылып жатқан жоқ. Басты мәселе – мәліметтер базасының бытыраңқылығы. Мәліметтер базасының интеграциясы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі жұмысының нөмірі бірінші міндеті болуы тиіс. 2019 жылға жоспарланған 196 интеграцияның 40-ы орындалмай қалған», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі басты кураторы әрі үйлестіруші болуы керектігін еске салды.

«Мен Үкімет басшысына министрге көмектесуді жүктеймін. Бұл – ерекше сипаттағы маңызға ие жұмыс. Артта қалуға құқығымыз жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

«Ауылдар әлі күнге дейін сапалы интернетпен қамтамасыз етілмей отыр. Жуықта теледидардан бір сюжет көрсетті. Арқалықтағы мектептің мұғалімдері интернеттегі кемшілікке байланысты «Күнделік» порталын толтыруға қиналып жүр екен. Білуімше, мұндай жағдай басқа өңірлерде де болған. Біз өз әріптестерімізден қалып, елімізді цифрлық теңсіздікте қалдыра алмаймыз», - деді Президент.
Жоғары қарай