Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент бюджет қаржысын жұмсамай талдау орталығын құруды ұсынды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі жанында әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау-мониторинг орталығын құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет реформаларды әзірлеп, оларды жүзеге асырады, кейіннен өз жұмысының сапасын бағалайды. Президент Әкімшілігі жанында әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау-мониторинг орталығын құруды тапсырамын. Оның құрамына Президент Әкімшілігі қызметшілерінен бөлек, ғылыми және сарапшылық қоғамдастық өкілдері енеді. Осы институтты дамыту деңгейіне қарай ол Президент жанындағы Реформалар бойынша агенттікке өзгеруі мүмкін. Әзірге, ешбір бюджеттік шығындарсыз Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығын құрып көрейік», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.


Жоғары қарай