Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда базардың орнына салынатын үйдің эскиздік жобасы мақұлданған жоқ

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 18:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Никольский базарының орнына салынатын тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы хабарлайды, Никольский базарының аумағындағы құрылыс мәселесі бойынша бізге рұқсат алуға ешкім өтініш берген жоқ. Ғимараттың сәулет-жоспарлау тапсырмасы және эскиздік жобасы әлі келісілмеді», - деп хабарлайды басқармадағылар.

Бұған дейін, Никольский базарының орнына жер иелері көпқабатты үй салуға ниет білдіріп жатқаны туралы жазған болатынбыз.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Құрылыс, Тұрғын үй, Алматы,
Жоғары қарай