Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында екі оқушы қыз жоғалып кетті

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 12:26

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –Ескелді ауданының екі оқушысы Ару Бекберді мен Талшын Қызырбай бір тәуліктен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 21 қаңтар күні, кешке Ескелді аудандық полициясына Алдабергенов ауылында тұратын 2006 және 2008 жылы туған екі баланың мектепке кетіп, оралмағаны туралы өтініш түсірген.

«Дабыл бойынша аудандық полицияның барлық жеке құрамы іздеуге шықты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар, педагогтар мен еріктілер де іздестіруге жұмылдырылды. Кенттегі барлық қараусыз қалған үйлер, шатырлар, жертөлелер және жақын орналасқан елді мекендер тексеріліп жатыр. Іздестіру жұмыстары сондай-ақ, Талдықорған мен Алматы қалаларында да ұйымдастырылған, Оларға ювеналды полиция инспекторлары, аудандық және облыстық полиция іздестіру бөлімдерінің жедел уәкілдері тартылған» - делінген таратылған хабарламада.

Жоғалған қыздардың фотосуреттері мен белгілері барлық полиция бөлімшелеріне жіберіліп, әлеуметтік желілерде орналастырылған.


Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай