Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.77
EUR 457.91
RUB 5.77
CNY 57.42

24 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 24 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық эскимо күні

1922 жылы Онава (АҚШ, Айова штаты) қаласындағы тәттілер сататын дүкеннің иесі даниялық Христиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» - эскимос бүктемесі деп атаған. Арада көп жыл өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1995 жылы Брюссельде болған кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен НАТО-ның Бас хатшысы Вили Клаес «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Дәл осы күні Брюссельде Қазақстанның Бенилюкс елдеріндегі елшілігінің ашылу салтанаты болып өтті. Оған Қазақстанның мемлекет басшысы және Бельгия королі отбасының мүшелері және үкімет адамдары, осы елде тіркелген басқа елдердің елшілері қатысты.

1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығы шықты.

2013 жылы Павлодарда Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды. Өңірдің ақындары мен жазушыларының шығармашылық одағы қанатының астына қазақ және орыс тілдерінде туынды жазатын дарынды адамдарды шоғырландырды.

2014 жылы Гамбург қаласында ҚР құрметті консулдығы ресми ашылды. Шара барысында ГФР-дағы ҚР елшісі Нұрлан Оңжанов жаңа құрметті консул Киллингерге консулдық патентті тапсырып, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ісінде табыстар тіледі.

2014 жылы Қазақстан Ыстанбұлда «Emitt 2014» туризм және саяхат көрмесіне қатысты. Қазақстандық делегация ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу жоспарын көрсетті.

2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Вашингтонда Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.

Қазақстан туралы кітаптар енді әлемнің басты кітапханаларының бірі – АҚШ Конгресінің кітапханасында да бар. АҚШ-тың осы ұлттық кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана. Оның негізі 1800 жылы қаланған. Кітапхана қоры 156 млн басылымнан асады, жылына 1 800 000 оқырманға қызмет көрсетеді.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығының жанында «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығы құрылды.

Орталықтың міндеттеріне қайтарылған құжаттардың бірыңғай базасын құру, шет елдердің мұрағаттарымен ынтымақтастық жасау, «Архив-2025» бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен ғылыми қоғамдастықтың ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл орнату.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай