Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Атамекен» индустриялық сертификат берудің мүгедектер ұйымына неліктен тоқтатылғанын түсіндірді

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 14:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы индустриялық сертификат берілмей қалған мүгедектер ұйымының шағымына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен» мүгедектер ұйымына 2019 жылдың сәуір айынан бастап индустриялық сертификат беріп келеді. Сертификат беру тәжірибесіне сәйкес, мүгедектер ұйымының өндірістік жай-күйіне баға беру үшін спецификалық салалық талаптардың болмауына байланысты кемшіліктер анықталды. «Атамекен» ҰКП мүгедектер ұйымына шығып, өндіруші мүгедектер ұйымының ойларын бір арнаға тоғыстырып, салалық талаптарды әзірлеу керектігін ұсынған еді. Бұл ретте палата бухгалтерлік, заңгерлік және салықтық кеңестердің бәрін де тегін жүргізуге әзір», - делінген палатаның хабарламасында.

Сонымен бірге, палатаның хабарлауынша, кадрларды әзірлеу, арнайы мамандық стандарттарын бекіту, жұмысқа орналастыру тұрғысында жұмыстар жалғаса береді.

«Қазіргі уақытта мұндай көмек толыққанды көрсетіліп жатыр. Алайда қауымдастықтардың бытыраңқылығын есепке алсақ, мұндай көмек мүгедектер ұйымының бәрін де қамти алмайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, мүгедектер ұйымының бірыңғай мемлекеттік реестрі жоқ. Оларды біріктіретін қауымдастық та құрылмаған. Осыған байланысты шектейтін нормаларға жол бермеу үшін «Атамекен» ҰКП индустриялық сертификатты беру бойынша қолданыстағы ережеге өзгерістерді енгізді. Бұл ретте тиісті талаптар әзірленгенше мүгедектер ұйымы индустриялық сертификат берілетін ұйымдардың қатарынан шығарылады», - деп хабарлады «Атамекеннен».

8 айдың ішінде индустриялық сертификат 238 ұйымға берілген. Олардың 43-і мүгедектер ұйымы. Шағымдарды талдаудың арқасында арыздардың көбі жиһаз және жеңіл өнеркәсіп саласынан келіп жатқаны анықталған.

«Бұл дегеніңіз мүгедектер ұйымының мемлекеттік сатып алудан алынып тасталатынын білдірмейді. Заң бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде басымдық ең алдымен мүгедектер ұйымына беріледі», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай