Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.77
EUR 457.91
RUB 5.77
CNY 57.42

Моңғол жылқы тұқымдарының бірі БҰҰ генофондына енгізілді

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 10:25

ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат – Моңғолияның еңбек сіңірген зоотехнигі Л.Лхаасурен Тес жылқы тұқымының гені генофондқа енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Montsame басылымына сілтеме жасап.

Жаңа тұқым Увс, Завхан және Хөвсгул үш аймақ аумағында, Тес өзенінің бойында өсіріледі және қазіргі уақытта 100 мың жылқы бар.

Генетикалық сараптама - кез келген мемлекеттегі асыл тұқымдылардың міндетті аспектісі. Тіпті асыл тұқымды жануардың шығу тегі белгілі болса және ол үй шаруашылығында өсірілсе де, егер бұл жануардың шыққан жерін растайтын генетикалық төлқұжаты болмаса, онда оны халықаралық заңдыққа сәйкес ресми түрде өсіруге болмайды. Сондықтан алынған мәліметті жасаушылар Тес жылқы тұқымының генетикалық профилін салыстырмалы талдау жасау үшін халықаралық генетикалық зертханаларға жіберді.

Халықаралық зертхананың ғалымдары Тес тұқымының әлемдегі бірде-бір жылқы тұқымымен туыс еместігін және жеке популяция екенін анықтауға мүмкіндік берген бірегей маркерлер екенін растады және бекітті.


Басты сөздер: Әлем, Мал шаруашылығы,
Жоғары қарай