Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар мұнай зауыты заңнама талаптарының бұзылу жағдайына түсінік берді

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 15:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Павлодар мұнайхимия зауыты» атом энергиясы саласындағы заңнама талаптарын бұзылу жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, бұзушылықтар «иондаушы сәуле шығару көздерін» қолданудың нақты құжатталған сипатына ие екендігін айтуда .

«Кәсіпорындағы радиологиялық жағдай тұрақты дозиметрлік бақылауға сәйкес гамма-сәулеленудің рұқсат етілген деңгейінен аспайды.Жұмыскерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төнбейді. Жабдықтар жақсы күйде және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге арнайы даярлаудан өткен жұмыскерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.




Еске салсақ, ҚР Энергетика министрлігі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-да атом энергиясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары орындалмайтындығын анықтап, дабыл қаққан болатын.


Жоғары қарай