Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елбасы Оман Сұлтандығы билеушісінің қайтыс болуына байланысты ел халқына көңіл айтты

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 15:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Оман Сұлтандығының билеушісі Сұлтан Қабус бен Саид Әл Саидтың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ол Қазақстан мен Оман арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және елдер арасында сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың дамуына тікелей септігін тигізді.

Сұлтан Қабус халқын, жерін, елін сүйген адал және парасатты билеуші ретінде есте сақталады деп сенемін.

Осынау азалы сәтте Оман халқының және марқұмның отбасы мен жақындарының ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.


Жоғары қарай