Мексикада туристер мінген фургон апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексиканың оңтүстігіндегі Чипас штатында жеңіл көлік пен туристер мінген фургон соқтығысып, 11 адам қаза тапты, 7 адам жарақаттанды. Бұл туралы жергілікті прокуратураның мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP-ке сілтеме жасап.
«11 адам мерт болып, 7 адам жарақат алды», - делінген онда.
Прокуратурадағылар қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау мақсатында тергеу жүріп жатқанын айтты.
Автокөлік пен туристер мінген фургон жексенбі күні Мексиканың оңтүстігіндегі автобанда соқтығысқан.
Жергілікті БАҚ мәліметі бойынша, фургондағы адамдар Чипас штатындағы ең танымал қала - Сен Кристобал де лас Касасқа бара жатқан.