Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жолда қалған автобустың 33 жолаушысы құтқарылды

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 22:13

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – «Алматы-Өскемен» тасжолында автобус сынып, 33 жолаушы эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алматы-Өскемен» тасжолының 370-шақырымында рейс автобусы жолда қалғаны хабарлама сағат 04:45-те түскен. Көлік Ақсу ауданыныңдағы Жансүгіров ауылының маңында қалған.

Бүгін таңғы сағат бестер шамасында құтқарушылар оқиға орнына барып, 33 жолаушыны Сарқан қаласының автовокзалына жеткізді. Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, 33 жолаушыларының өміріне қауіп жоқ. Көлікте бір бала болған.


Жоғары қарай