Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 20:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталмыш сатысында барлығы 16 команда сынға түседі. Бұл командалар төмендегіше жұп құрады. Енді «Боруссия Дортмунд» (Германия) мен ПСЖ (Франция), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия), «Аталанта» (Италия) мен «Валенсия» (Испания), «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары кездеседі. Сондай-ақ, «Челси» (Англия) мен «Бавария» (Германия), «Лион» (Франция) мен «Ювентус» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия) мен «РБ Лейпциг» (Германия), «Наполи» (Италия) мен «Барселона» (Испания) командалары кездеседі.




Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық ойындары 18-19, 25-26 ақпан күндері өткізілсе, қарымта кездесу 10-11, 17-18 наурыз күндері болады.

Финал 30 мамырда Түркияның Стамбул қаласындағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионында өтеді.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай