Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Хан Шатырда» бутик өртенді

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 09:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы бутиктерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.

«14 желтоқсанда сағат 06:23-де «101» қызметіне «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығындағы «Climber» бутигінен өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Өрт сағат 06:48-да толық сөндірілді. 5 шаршы метр аумақ жанып кетті. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себептері анықталуда»,- делінген хабарламада.

Еске салсақ, өткен қараша айында «Хан Шатырдың» астыңғы қабатынан өрт шықққан болатын.
Жоғары қарай