Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеде 153 жылыту бекеті дайындалды

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 20:41

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметі қыста жолда абай болуға шақырды. Қазір 153 жылыту бекеті мен 14 мың тонна инертті материал дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында қар басу қаупі басым 154 учаске бар. Тасжолдың бәрі қазір бақылауға алынған. Ал 153 жылыту бекетінің 15-і республикалық жол бойында орналасқан. Сыйымдылығы 10 мың адамға шақталған.

«Көктайғақ, қар аралас жаңбырдан Самара – Шымкент тасжолы 15 рет жабылып, қайта ашылды. Жолаушылар далада қалмас үшін жергілікті полиция қызметі көмек көрсетіп, күні-түні қамқорлық жасады. Ақтөбе мен Орынбор арасындағы меморандумға сәйкес көрші елде жол уақытша жабылса, дереу хабарлап бірдей шара қолданамыз. Қазір техниканы толықтырып, қыс бойы уақтылы жолды қардан тазартуға күш саламыз», - деді «ҚазАвтоЖол» АҚ АОФ директоры Марат Махамбетов.




Қараша айынан бері жолда 75 адам құтқарылып, 200-ден астам жолаушы эвакуацияланды. Сонымен қатар 12 адам ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, жылыту маусымы басталған кезде Ақтөбеде қайғылы оқиға да жиіледі.

«Жылу беру маусымы басталғаннан бері 4 адам қаза болып, екеуі жараланды. Құршасай ауылында үйде өрт шығып, азаматтық некедегі 55 және 57 жастағы ерлі-зайыпты оқиға орнында, күйік шалған тағы біреуі ауруханада көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша темекі сөндірілмей, арты өртке ұласқан. Тұрғын үйлер өрт қауіпсіздігін сақтап, абай болған жөн», - деді облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Асқар Төлешов.

Жоғары қарай