Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан Конфедерация кубогы Түркістан боксшыларына бұйырды

2019 жылдың 8 желтоқсан 2019 14:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Конфедерация кубогы биыл Түркістан облысы құрамасына бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда Түркістан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының былғары қолғап шеберлері кездесті. Кеше, 7 желтоқсанда өткен жартылай финалда түркістандықтар қарағандылықтарды, Нұр-Сұлтан қаласы маңғыстаулықтарды 5:3 есебімен тізе бүктірген болатын.




Бүгінгі жекпе-жек өте тартысты өтті. Алдымен 52 келіде түркістандық Сәкен Бибосынов елордалық Азат Махметовті, түркістандық Қайрат Ерәлиев елордалық Ілияс Сүлейменовті тізе бүктірді. Одан кейінгі үш жекпе-жекте елордалық былғары қолғап шеберлерінің мерей үстем болды.




Алдымен 63 келіде Самат Бегімбай Шыныбек Назарбековті, 69 келіде Қанағат Маралов Бекдәулет Ибрагимовті, 75 келіде Тимур Нұрсейітов Бекхат Сабырды жеңді. Ал 91 келіден жоғары салмақта түркістандық Нұрлан Сапарбай елордалық Нұрболат Сермахановтан басымдық танытып, командалық есепте таразы басын теңестірді.

Одан кейін түркістандықтар қатарынан 81 келіде Бек Нұрмағанбет Нұрбек Оралбайды, 91 келіде Абзал Құттыбеков Айбек Оралбайды жеңді. Нәтижесінде Түркістан облысының құрамасы қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсіп, өз тарихында үшінші мәрте кубокқа қол жеткізді. Олар бұдан бұрын 2015, 2017 жылдарда аталмыш жарыста жеңімпаз атанған болатын.

Бокстан Конфедерация кубогы 2010 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұдан бұрын Маңғыстау облысы үш мәрте жеңімпаз (2012, 2016, 2018) атанса, Нұр-Сұлтан қаласы екі (2010, 2013), Қарағанды облысы бір (2011) мәрте биік тұғырдан көрінді.







Фото: Данияр Майлыбаев
Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай