Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та дүкен тоналғаннан кейін атыс болып, төрт адам ажал құшты

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 11:30

ФЛОРИДА. ҚазАқпарат – Флоридада қарулы қарақшылар зергерлік дүкенді тонап, соның салдарынан екі қылмыскер мен екі азамат қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат abcnews сайтына сілтеме жасап.

Полицияның ақпараты бойынша, оқиға бейсенбі күні Флорида штаты Корал-Гейблс қаласында болған.

Дүкен қызметкерлерінің бірі жарақат алды, оның қазіргі жағдайы белгісіз.

Зергерлік дүкенді тонау ісі сәтсіз аяқталғаннан кейін екі күдікті UPS экспресс-жеткізу компаниясының жүк көлігін айдап әкетіп, оның жүргізушісін тұтқынға алды. Полиция қылмыскерлердің ізінен қуған.

Атыс салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолда кетіп бара жатқан кездейсоқ адам мерт болды. Полицейлер шабуылдаушыларды атып тастады.

Федералды тергеу бюросы тергеуді өз бақылауына алды.

Автор Ақбөпе Әбдрасул
Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай