Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Созақ ауданында «Жігіт сұлтаны-2019» байқауы өтті

2019 жылдың 20 қараша 2019 16:40

СОЗАҚ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Созақ ауданында «Жігіт сұлтаны-2019» байқауы өтті. Жартытөбе ауылдық округі әкімдігі және Созақ ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шара «Жігіттер сегіз қырлы, бір сырлы бол» атауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар жылына орай және Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқауда ауданның Шолаққорған, Таукент, Сызған, Құмкент, Бабата, Аққолтық, Жартытөбе ауылынан келген үміткерлер өз бағын сынады. Қатысушылар сәлемдесу, өз өнері және сұрақ-жауап сайыстарынан өнерлерін көрсетті. Таныстыру кезеңінде жігіттердің білім, біліктілігі, сөз саптау, сөйлеу мәнері сыналды. Бұл турда шаршы топтың алдына шығып тосылғандар да болды, арыны қатты ақындар да болды. Өз өнерін көрсетуде өзгелерден ерек болғандар елдің қошеметіне бөленді. Жігіттер сондай–ақ, көздерін байлап қару жинаудан жарысты. Аталған сайыстардан оқтай озып шыққан жеңімпаздар байқаудың келесі кезеңіне жолдама алып, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпаздары қатарынан Дархан Абдрахманов пен Айдос Сарманұлы, Бауыржан Амановтар табылды. Өзге қатысушылар да арнайы тиісті деңгейде марапатталды. Жеңімпаздармен жүлдегерлерге ауыл округ әкімі Болат Есенқабыл арнайы сыйлықтар тапсырды.

























Айнұр Ақбаева

Жоғары қарай