Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан әкімі жергілікті БАҚ жұмысымен танысты

2019 жылдың 23 қараша 2019 17:12

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысымен танысу мақсатында «Түркістан» газеті мен «Тұран-Түркістан» телеарнасында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысы экран арқылы қоғамдағы тыныс-тіршілікті көрермендерге ұдайы жеткізіп жүрген «Тұран-Түркістан» телеарнасының ғимаратына барып, ондағы ұжымға жылы лебізін білдірді. Бірқатар қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттап, әрбір қызметкерге толағай табыс тіледі.

Рашид Аюпов сондай-ақ, 90 жылдық тарихы бар басылымның қарашаңырағына да барды. Түркістанның жылнамасын жазып жатқан ұжымның қоғам мен бұқара арасында алтын көпір болып жүргенін атап өтті. Қаладағы барша айтулы жиындардан хабардар етіп отырған газеттің алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Екі тілде ақпарат беріп, 8 мыңнан аса оқырманын жаңалықтың жаршысы еткен «Түркістан», «Туркистон» газеттерінің тарихынан құлағдар болды. Редакцияға келген зиялы қауым өкілдерінің ақжарма тілектері жазылған «Қонақтар лебізі» кітабына өзіндік пікірін жазып, қолын қойды.




«Газет ел өмірінің тыныс-тіршілігін бағамдап, қоғамдық-саяси жаңалықтарды жариялап, елмен тығыз байналаныста болып келеді. Бүгінгі таңда журналистердің қоғамдық өмірдегі еңбегі мен үлесін бірауыз сөзбен бағалау мүмкін емес. Жаңа табыстарға жетуде үлкен мүмкіндіктер мен жетістіктер тілеймін», – деді Рашид Аюпов.







Жоғары қарай