Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

БҚО-да із-түзсіз кеткен 22 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр

2019 жылдың 7 қараша 2019 16:40

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз кеткен 22 жастағы қыз іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Құндыз Жолтаева 4 қараша күні шамамен сағат 09.00-да Ақсай қаласы Заводская көшесі, 88 мекенжайындағы үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Үстіне капюшоны бар қызыл пальто, көк түсті джинсы, қара кофта, аяғына қоңыр етік киген.

Бойы - 170 см, салмағы - 60 кг, шашы - қара, ұзын.

Құндыз Мұратқызының қайда жүргенін көрген-білгендер болса, 102 немесе 8-778-544-44-34 телефонына хабарласуына болады.

Жоғары қарай