Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сәрсенкүл Рысбаева стенд атудан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

2019 жылдың 6 қараша 2019 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Стенд атудан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында «траптан» әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық Сәрсенкүл Рысбекова Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ол Азия чемпионатында күміс медаль иеленіп, Токио ойындарының лицензиясына қол жеткізді. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша Азия чемпионатында жүлделі үш орынға ие болған спортшыларға жолдама таратылады.

Құрлық додасында алтын медальді ливандық Рэй Бассил еншілесе, қола медальді тайпейлік Ю Ван Лю иеленді.

Айта кетелік, бұл - Қазақстан командасының қоржынындағы 22-ші жолдама. Бұдан бөлек, Қазақстан командалық сында Азия чемпионы атанды.

Басты сөздер: Спорт, Олимпиада-2020,
Жоғары қарай