Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 30 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 29 қазан 2019 21:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 30 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем» тақырыбында талқылау өтеді.

9.30-да ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстандағы экстремистік әрекет пен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қылмыстық саясатты дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел өтеді.

9.30-да «Экспо» Конгресс-орталығында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және инвестициялаудың ESG факторлары» атты бірінші инвестициялық форум өтеді.

10.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Қоқыстарды кәдеге жарату саласындағы Қазақстан стратегиясы» тақырыбында Қазақстан-Франция сауда-өнеркәсіптік палаталарының форумы өтеді.

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Нұрсая» бизнес-орталығында «Темекі және алкоголь өнімдерін тұтынуды шектеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «ҚТЖ жұмысқа орналасудағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою» тақырыбында брифинг өткізеді.

11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында мекенжай анықтамасын алып тастау жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

13.30-да The Ritz-Carlton қонақ үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелік форум өтеді.

19.00-де «Астана» концерт залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің ұйымдастыруымен «Сақ патшайымы Зарина» атты театрландырылған концерт өткізеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы Менеджмент Университетінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық: негізгі және элективті пәндерді оқытуда, арнайы курстарда аударылған әдебиетті қолдануды оңтайландыру» семинар-практикумы өтеді.

13.00-де Forum Almaty сауда орталығындағы Kinopark 16 кинотеатрында «Қыз бен теңіз» әлеуметтік көркем фильмінің таныстырылымы өтеді.

15.00-де Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына «Союзмультфильм» киностудиясының директоры Борис Машковцев пен Wizart компаниясының бас продюсері Юрий Москвин келеді.

16.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде А. С. Пушкиннің 220 жылдығына арналған халықаралық интерьерлік қуыршақтар көрмесі ашылады.

19.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде «Изображение/Представление» заманауи фотосурет көрмесі ашылады.

ШЫМКЕНТ

10:00-де Шымкент қаласының әкімдігінде Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтің қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

КӨКШЕТАУ

14:30-да Достар мәдениет үйінде Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаевтың қатысуымен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай