Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордадағы қорықшының өлімі жайында жаңа деректер белгілі болды

2019 жылдың 28 қазан 2019 18:45

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында браконьердің соңына түскен қорықшының мерт болуына байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 25 қазан күні түнгі сағат 04.00-тер шамасында болған. Сол сәтте «Охотзоопром» мекеме қызметкерлері Жалағаш ауданы аумағында күдік тудырған «УАЗ» автокөлігін тоқтатпақ болады. Күдіктілерді қолға түсіру барысында «Охотзоопром» мекеме қызметкерлері жол апатына ұшыраған. Соның салдарынан «Охотзоопром» қызметкері оқиға орнында көз жұмған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел-тергеу тобы оқиға орнынан 2 қоян, тіркелмеген қос ауызды мылтық тәркіледі.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен және 337-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет, заңсыз аңшылық жағдайлары көрсетілген Бүгінгі таңда күдіктілер анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, «УАЗ» маркалы автокөлік айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Жоғары қарай