Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында ауыл ауруханалары цифрлық жүйеге көшіп, қағазсыз жұмыс істеуде

2019 жылдың 25 қазан 2019 18:38

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысындағы бірқатар медициналық нысанды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет мүшелерінен құралған делегация алдымен Отырар ауданына барды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов алдымен, ауыл ауруханасының жұмысымен танысты. Жергілікті сауықтыру орталығы 50 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл ауруханасы толық цифрлық жүйеге көшкен. Интернет пен медициналық ақпараттық жүйе 100 пайыз қолжетімді.




Ауыл тұрғыны қалалық немесе облыстық ауруханаға түссе, дәрігерлер ЖСН бойынша жеке карта ашады. Ал пациент туралы барлық дерек, зертханалық сараптаманың қорытындысы электрондық денсаулық паспортында жедел көрінеді. Аурухана заманауи аппараттармен жабдықталған.

«Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын оңтайландырып, медициналық қызметті қолжетімді әрі сапалы ету үшін медицина саласын толық цифрлық жүйеге көшіру қажет», - деді Елжан Біртанов.




Министр медициналық қызметкерлермен кездескенде міндетті медициналық сақтандыруға көп көңіл бөлді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің еңбекақысы 30% дейін, медбикелердің жалақысы 20% дейін артатынын айтты.

Отырар аудандық ауруханасында 800-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Ауруханада науқастарға бар жағдай жасалған. Пациенттер үшін Сенім телефоны орнатылды, ішкі аудит те қызмет етеді. Сондай-ақ, жергілікті дәрігерлердің шетелге барып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік бар.







Жоғары қарай