Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЕО мен Ұлыбритания Brexit бойынша келісімді мақұлдады

2019 жылдың 17 қазан 2019 16:35

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – ЕО мен Лондон Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Бұл ЕО мен Ұлыбритания үшін әділ әрі салмақты шешім болды. Сондай-ақ, ол біздің мәселенің шешімін іздеп жатқандығымыздың дәлелі»,- деп жазды Twitter -де Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер.

Ол 17-18 қазанда өтіп жатқан ЕО саммитінде Еуроодаққа мүше елдердің көшбасшыларына келісімді мақұлдауға кеңес береді.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Twitter- де Еуроодақтан шығу бойынша келісімге қол жеткізгенін жазды.

«Біз бақылауды қайта қолға алуға мүмкіндік беретін жаңа керемет келісім жасастық. Енді басқа да басым мәселелерге көңіл аудара алуымыз үшін парламент Brexit-ті сенбі күні аяқтауы керек», - деп жазды ол.

Автор: Тимур Дүйсекеев.

Басты сөздер: Әлем, Халықаралық ұйымдар,
Жоғары қарай