Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін күндіз Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.