Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облыстық орыс драма театрының 53-маусымы ашылды

2019 жылдың 7 қазан 2019 21:36

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық орыс драма театры 53-маусымының шымылдығын түрді. Теарт ұжымы бұл жолы көрермендерін көптеген жаңа әрі тың туындыларынмен қуантпақ , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа маусымның алғашқы спектаклі - «Пусть на Гольгофу». Бұл қойылым «Рухани жаңғыру» бағдарламсы аясында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде сомдалған. Онда ән падишасы, қазақтың алтын дауысы, театр негізін қалаушы Әміре Қашаубаевтың өмірі бейнеленген. Атақты әншінің өмір жолында Парижге барып, үлкен дүбір, бәсеке жарыста басқаларға жол бермей, жүлде алып, қазақ әнін жүз құбылтып, мың түрлендіре салған майталмандығы шебер көрініс табады. Одан бөлек халқының алғысы мен сүйіспеншілігіне бөленген Әміре Қашаубаевтың өмірлік жарымен бірге болған күндері көрермен жүрегінен орын алды.

Қойылымға идея авторы, Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Ахат Перуашев бүгін арнайы келді. Өнер ордасының көркемдік жетекшісі Камат Касенов жаңа маусымда театр көрермендерін көптеген қызықтар күтіп тұрғанын атап өтті.

Жаңа қойылымды көруге өнерсүйер қауым көп жиналды. Жарқын көріністер, сәні мен сымбаты жарасқан сахна, шығармашылық тәжірибелер... Әрине, бұның барлығы актерлік құрамның жемісті еңбегі. Ал театр ұжымы алда жамбылдық көрермендер үшін бұдан да қызықты, тамаша туындыларды дайындауға әзір.







Жоғары қарай