Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: Синоптиктер қазанның 6-сы күнгі ауа райы болжамын жария етті

2019 жылдың 6 қазан 2019 05:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазанның 6-сы күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның ықпал етуіне байланысты күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-не сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің тек оңтүстік өңірінде ғана, оның өзінде таулы аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жауын жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Жамбыл, күндіз Атырау облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында да жел күшейеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысында түнде жердің беткі қабатында 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан және Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүсік-шығысында өрт қауіпі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай