Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

5 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 4 қазан 2019 20:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 5 қазанда өтетін маңызды шараларға шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Болашақ Қазақстан: кәсіптік бағдарлаудан мансапқа дейін» атты форумы өтеді.

9.30-да «Park Inn» қонақ үйінде «Бала және денсаулық» әлеуметтік жобасы аясында жастар үшін «16 жасқа дейін және одан жоғары» тақырыбында пікірталас жүргізіледі.

10.00-де Хан Шатыр алаңында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

12.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қазақ күресі федерациясының бір жылдық есеп беру конференциясы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1 курс студенттеріне арналған «БЕЛЕС – 2019» салтанатты шарасы ұйымдастырылады.

18.30-да «Nomad» театрында М.Мақатаев «Қош, махаббат» спектаклімен екінші маусым ашылады.

АЛМАТЫ

10.00-де Q-Lab қалалық жобалар зертханасында мемлекеттік орган мен IT-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Цифрландыру күні өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай